БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ҰСТАЗДАР АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
www.metodist.kz және www.new-edu.kz білім ресурстары «ЖАҢА БІЛІМ-ЖАҢА ҒАСЫР» Республикалық сайыс-конкурсының ұйымдастыру жұмыстарын атқарады және басталғаны туралы хабардар етеді.
Мақсаты: Білім мекемелері, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар шығармашылығын насихаттау. Ұстаз беделін арттыру және Республика бойынша білім мекемелерінің шығармашылық біліктілігін таныту.
Конкурс негізгі төрт бағыт бойынша қатысушылардың кәсіби, шығармашылық, өнер, танымдық бағыттағы шығармашылық деңгейіне баға беретін шығармашылық конкурс болып есептеледі.
Қолдаушы ұйымдар: Республикалық сайыс-конкурс жұмысын үйлестіру үшін конкурстың жалпы шарттары мен тиісті талаптары айқындалды. Республикалық сайыс-конкурсты ресми қолдаушы ұйымдармен келіссөз жүргізіліп, конкурстың жұмысшы тобы құрылды. Республикалық конкурстың жұмыс жоспары бекітілді.
Республикалық конкурс жұмысын үйлестіру жұмыстарының басталуы үшін бірлесе қызмет жасау туралы меморандум құжаттамасы ұсынылады.
Қолдаушы ұйымдардың міндеттері:
- Республикалық конкурстың атауын ұсыну және бекіту
- Республикалық конкурсқа барынша қолдау көрсету
- «Ресми Қолдаушы» мәртебесіне сай әрбір конкурс сайыстарының тақырыбын белгілеу
- Конкурс жұмысына сараптама жасау үшін сарапшылар құрамын жасақтау
Қатысушылар:
- Ұстаздардан құрылған топ
- Білім мекемесі ұжымының тобы
- Ұстаздың жеке өз атынан қатысуы
Қатысушыларға талаптар: Сайысқа қатысушылар командалық, жеке және ұжымдық түрде қатынасуға мүмкіндік алады. Шығармашылыққа шектеу қойылмайды. Сайысқа жеке түрде қатысушы талапкер конкурстың барлық сайыстық бөлімдері бойынша қатысуы міндетті.
Талаптар: 1. Қатысушы формасы. 2. Таныстыру бейджик-төсбелгі
Көрсетілім форматы: Шығармашылыққа шектеу қойылмайды. Презентация, Видео, Өнер көрсету, Сахналық көрініс және т.б .......
Көрсетілім уақыты: 7 (Жеті) минут
Бағыттары:
- Оқушы шығармашылығы – Бір немесе бірнеше оқушының, оқушылардың шығармашылығы, өнері және жеке жетістіктері көрсетіледі.
- Ұстаз шығармашылығы – Бір немесе бірнеше ұстаздың, ұстаздардың шығармашылығы, өнері және жеке жетістіктері көрсетіледі.
- Ата-ана шығармашылығы – Бір немесе бірнеше ата-ананың, ата-аналардың шығармашылығы, өнері және жеке жетістіктері, білім мекемесімен байланысы көрсетіледі.
- Өскен өңір таныстырылымы –Қатысушылардың өңірі туралы таныстырылымы. Видеопрезентация немесе таныстырылым түрінде көрсетіледі. Өңірдің жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы мағлұматтар.
Сайыс бөлімдері:
- Топты таныстыру. «Өзіңді таныстыр, өзгені таны»
- Оқушы шығармашылығы. «Арманы асқақ оқушы»
- Ұстаз шығармашылығы. «Мектептегі бір мезет»
- Ата-ана шығармашылығы. «Отбасылық тәрбие»
- Өскен өңір таныстырылымы. «Өнегелі мекенім»
Конкурсты бағалау және сарапшылар: Конкурсты сараптау сарапшылардың бағалауы және көрермендердің таңдауы нәтижесінде бағаланады. Сараптау алқасына төрт бағыт бойынша сарапшылар шақырылады.
- Өнер саласы – Бір сарапшы
- Ұйымдастырушылық – Бір сарапшы
- Білім-ғылым бағыты – Бір сарапшы
- Танымдылық – Бір сарапшы
Іріктеу сайыстары Қазақстан бойынша барлық облыс орталықтарында өткізіледі. Жеңімпаздар Республикалық конкурстың қорытынды сайысына қатысуға мүмкіндік алады. Қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға сыйлықтар мен кубок табысталады. Қорытынды сайыс Астана немесе Алматы қаласында өткізіледі.
«ЖАҢА БІЛІМ-ЖАҢА ҒАСЫР» РЕСПУБЛИКАНСКИЙ КОНКУРС
ДЛЯ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИИ, УЧИТЕЛЕЙ, РОДИТЕЛЕЙ !
Образовательные ресурсы www.metodist.kz и www.new-edu.kz проводит организационные работы и обьявляет о начале Республиканского конкурса
«ЖАҢА БІЛІМ-ЖАҢА ҒАСЫР»
Описание конкурса: Основной целью является предоставление возможности реализовать свой творческий потенциал. Конкурс проводится в целях повышения престижа и статуса учителя в обществе, повышения открытости системы образования, развития инноваций в образовании, распространения в системе общего образования передового педагогического опыта.
Задачи конкурса: Создание условий для самореализации педагогов выявление и поддержка талантливых педагогов развитие форм оценки качества образования выявление и распространение тиражируемых образцов инноваций в образовании развитие профессиональных педагогических сообществ формирование и укрепление позитивного общественного мнения.
Конкурс направлен на развитие творческой деятельности педагогических работников по обновлению содержания образования, внедрению новых технологий организации образовательного процесса, рост профессионального мастерства педагогических работников, утверждение приоритетов образования в обществе.
Конкурс проводится в целях повышения престижа и статуса учителя в обществе, повышения открытости системы образования, развития инноваций в образовании, распространения в системе общего образования передового педагогического опыта.
Участники: Участники конкурса учителя и ученики учебных заведении которые в творческой форме будут показывать свои творческие, научные и учебно-образовательные достижения.
Участники получают возможность участия в конкурсе в командном, коллективном и в индивидуальном порядке. Участвующие в индивидуальном порядке обязаны участвовать в конкурсе по всем направлениям конкурса.
- Команда из учителей
- Команда от имени коллектива учебного заведения
- Участие учителя от своего имени
Требования: 1. Форма участника. 2. Бейджик с указанием фото, ФИО
Формат выступления: Без ограничения в творческом плане. Презентация, Видео, Творчество, Сценический показ и т.д .......
Регламент: 7 (Семь) минут
Направления
- Творчество ученика
- Творчество педагога
- Творчество Родителей
- Презентация родного края
Направления конкурса:
- Творчество ученика – Выступление одного и более учеников творческих достижении, личностных достижении.
- Творчество педагога – Выступление одного и более педагогов творческих достижении, личностных достижении.
- Творчество родителя – Выступление одного и более родителей творческих достижении, личностных достижении
- Представление родного края – Презентация достижении и достопремечательностей родного края участников.
Отделы конкурса:
- Приветствие команды. «Представь себя, познай других»
- Творчество ученика. «Ученик с заветной мечтой»
- Творчество педагога. «Один миг в школе»
- Творчество родителя. «Воспитание в семье»
- Презентация родного края. «Образцовый край»
Оценка и жюри
- Сфера культуры
- Организованность
- Сфера знании и науки
- Популярность
Байланыс үшін - Контакты:
Директор: Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы.
Телефон: 8 777 055 0590 E-mail:izgilik19@mail.ru
Үйлестіруші: Кошкимбаев Жәнібек Файзуллаұлы.
Телефон: 8 747 840 7002. 8 778 380 0753