Шараның басты мақсаты: өскелең жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу,өзінің туған елімен жеріне деген құрметін нығайту, тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі жетістіктерін, Қазақстан халқының бірлігін,мемлекеттігіміздің нығайтуын насихаттау және тұрақтылық, бейбітшілікпен келісім негізінде жатқан басты құндылықтарымыздың дәріптеу арқылы қоғамды нығайту. Жастармен кездесуді ауған соғысының ардагері, ҚР парламент мәжілісінің депутаты Б.Смағұл жүргізді. Шара «Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығы»жобасы аяасында өтті.
Кездесу, тәуелсіз Қазақстанның толағай табыстарын кеңінен насихаттау және мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына халықтың назарын аудару, жаңа мемлекетіміздің құрылуына қатыстығы мен мақтаныш сезімін қалыптастыру,еліміздің тағдыры мен азаматтарының болашағы үшін ортақ жауапкершілік сезіну арқылы жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталды.