Quantcast
Channel: Последние записи в сообществах | Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

мысли. Бас қатыру

$
0
0

Мысал. Орыс түсірген "Географ глобусты ішіп қойды" деген фильмін алайық. Не істеп жүргенін өзі білмейтін еркек бар ойы арақ тауып ішу. Мас күйінде қиялданып, аузына келгенін оттау.  Әйелі күні-түні күңкілдеп, итшілеген тіршілігіне наразы.  Мектепке барып жұмысқа тұрады.  Әп-әдемі мұғалиманы кездестіреді.  Ол әйел де маскүнемге иіліп төсек, жайылып жастық бола қалады.  Бой жетіп қалған оқушы қыз да осы арақ сасыған мұғалімге жабысып, өлердегі сөзін айтып жын қағады.  Тағы бір таныс әйел де аузының суы құрып осы жындының соңынан қалмай жүр.

Осы фильмнің мағынасын ойланып көрейік. Бұл жерде осы фильмді түсіріп отырған еркектің арманы, мақсаты не? Ол ел-жұртқа осы азып-тозған есуас еркекті дәріптеп, бүкіл әйел атаулыны қор қылу. Мәдениеттің, білімнің жоқтығынан айуанға айналған адамның айналасындағыларды шіріткенін үлгі етіп көрсету.

Мұндай азғындаған еркектің қасында алданып қор болған әйел аз емес. Анда-санда сау кезінде әйелдің іші-бауырына кіріп бетін бері қаратып алатын қулықтары бар. Ол жалмауыздар бас қатырудың шеберлері. Әйел адамның мейірімді қасиеті осы кезде оның алдануына алып келеді. Осылай алданып, аяп, мүмкін адам болып кетер деп қорлыққа шыдап жүрген әйелді "шашы ұзын, ақылы қысқа" деп былай шыға кемсітеді.

Фильмдегі әйелдер бет біткеннің сұлулары. Істеп жүрген істері нағыз есуастық. Есі бар адам аузы арақтан айырылмайтын, не түр десе түрі жоқ, не басында ойы жоқ, не кеудесінде намысы жоқ бишараға неге сонша ынтығады?

Менің түсінгенім, фильмді ойлап шығарып түсірген еркектердің арманы орыс тілін түсінетін адам атаулыға еркектер ар-намыссыз есуас болуына болады, солай болған сайын сұлу әйелдер айналасында көбейе береді, ол әйелдердің бар арманы қор болу, бақытсыз болу, зар еңіреп, өмір жасы өксіп өту деген ойды дәріптеу.

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Trending Articles