Бейімбет Майлин. Күлпаш
Қазақтың қазаққа жаны ашуы деген ұғымды тәпіштеп түсіндіріп беретін оқиға басымнан өтсе де, мен сол заматта кішкентай бала болғаным үшін түсіне алмадым. Жылдар өтті, бүгін де сол бір 30-минутқа созылған оқиға есіме түскен соң мен оны түсінгендей болдым. Содан соң компьютерімді қостым да, ғаламтордан қазақтың ең әйгілі, суреттеуден алдына жан салмайтын жазушысы Бейімбет Майлиннің "Күлпаш" атты шығармасын іздей бастадым. Іздегенім алдымнан табылып (kazakhadebieti.kz ), сайт ұжымына деген ерекше ілтипатпен тапқан ақпаратымды ықыласпен көшірдім де, Айқап.кз сайтының оқушысының назарына ұсындым. Күлпаш әңгімесі бәрімізге таныс. Мүмкін көбіміздің ол әңгімені оқығалы талай жылдар өтіп кеткен шығар. Мүмкін ол әңгіменің айтпағына бүгінгі күні өзгеше бір баға беретін немесе сол әңгіменің негізінде тарихқа бір қарап, саралайтын да уақыт келген шығар. Не десе де маңдайымызға зұлмат пен зұлымдық көруді тайға таңба басқандай етіп жазылған екен. Көрмегенді қазақ 20 ғасырдың басында көрді. Бүгінде мына құлан иек далалы Қазақстан атты мемлекетке ие болуға әркімнің-ақ дәмесі бар, әркімнің-ақ ниеті бар. Дегенмен осы мемлекеттің осындай күнге жетуіне бір ғана халықтың мұңы мен көз жасы, еті мен сүйеги, қаны мен тері, өмірі мен өлімі ғана себеп болған. Ол - Қазақ халқы. Демек бұл мемлекетті құрған да, салған да Қазақтар.
Қазақтың бұл елде қаншалықты жапа-шеккенін бір тұрғыдан-ақ көрсете білген Бейімбет Майлиннің шығармасын бұрын мектеп кезінде 3-4 сыныптарда бөліп оқытатын. Бүгінде оның мектеп бағдарламасында барына күмәнім бар. Оқытылуы тиіс. Бізде де холокост болғанын және оған себеп болған Мәскеу саясаты екенін қазақ халқы біліп жүруі тиіс.
Жоғарыдағы оқиғаға қайта оралайын. 3 сыныпта ертеңгі сабағыма дайындалып отырғанда қасыма Анам жақындады."Қане, сабақтарың қалай болып жатыр" - деп тексере бастады. "Ана тілінен не берді, математикадан не берді?" -деген сұрақтар ағыла түсті. "Әдебиеттен "Күлпаш" әңгімесін оқып келіңдер деді" - дедім. Содан Анам кітапты қолына алды да, "Күлпаш" әңгімесін өзі оқи түсті. Оқып жатыр, оқып жатыр, бір заматта өкіріп жылады келіп. Мен түсінбей әлекпін. "Неге жылап жатырсын?" деген сұрағыма, анам "Калай жыламайсың, ол да сенің шешең сияқты қазақ әйелі ғой" - деді. Жауап маған дымды да ұқтырмады. Жылдар өтті, тек енді ғана түсініп отырмын. Енді ғана көзіміз ашылды. Кімнің жау, кімнің дос екені. Қазаққа тек қазақтың жаны ашитыны. Қазақ қазаққа бауыр, дос һәм аманат екені. Осынау елде бақыттың етегінен ұстауға - алдымен қазақтың ғана құқығы бар екені. Бәрі-бәрі енди түсінікті. Оқыңыз.
http://aikap.kz/index.php/2012-10-04-16-46-38/615-bejimbet-majlin-k-lpash
Ержан Алаш
Айқап.kz ақпараттар порталының редакторы