Для репутации важен размах, а не итог. (Сирил Норкот Паркинсон )
Өткенде Ел басы келешекте Қазақстан атауын Қазақ Елі есіміне ауысу ықтималдығын айтты.Бірақ бұны халық өзі шешетінің де қоса кетті. Интернетте қазіргі таңда актив түрде халық ішінде талқыланып жатыр.Әрине бүл мәселе өтте маңызды себебі мемлекеттің жай ғана аты емес соңымен қоса сол елдің таситың мағына да өзгереді. Мемлекеттің есімін ауысуы тарихқа мәлім жайт.Көбінесе мемлекеттің идеологиясы ауысқанда, мемлекет ыдырағанда,басқа мемлекетпен қосылғанда және басқа да себебтермен өзгереді.Қоярлық сұрақтар өте көп. Неге өзгеру керек? Неге Қазақ Елі ? Қашан ? деген сұрақтарға жауап бірге іздейік.
Алыс кетпей-ақ Қырғыстанды алсақ. Шет елдер Қырғыстан деп атаса да өз гербтарында “Қырғыз Республикасы” деп жасылған яғни Қырғыздардың отаны деп дөп басып айтқандай . СТАН деген жазу жоқ біздікіндей (яғни гербті де ауыстыру керек болады Қазақстанда ).Тауелсіздікдің алғаш жылы Киргизия (Кыргызия дұрысы )деп аталатын әсіресе қырғыз еместердің арасында. Кейін Қырғыстан . Әрине бұл Орыс тілінен келген қате аудармалар. Әр ел басқа елді қалай атауы өз еркіндігі өз тілі болғандықтан . Бірақ халыкаралық аренада мемлекет өзі шешу керек өз атауын. Біздің алғаш пасспортымызда “KazaКstan” деген және қате жазылған есімдер әрі аты-жөніміздегі ОВ пен ОВИЧ мәселесіне ұқсас. Дұрысыда сол еді негізі бірақ Кирилицадан тіке аудару нәтижесінде қателіктер болды.. Және айта кетерлік жайт бұл өзгеріс латын әріпімен бірге шешілу керек себебі себеі Х (Һ) әрпі өзінен өзі түсіп қалады. Яғни “Qazaq Eli “болуы керек. Бұл жерде мәселе тек Х әрпінде немесе латын әліппесіне оралу (яғни қайта алу) ғана емес .Мәселе құлдық сана сезімнен шығып кезінде өзіміз тандаған әліппеге қайта келу, Өз есімізді өзіміз қоюымыз. (Ресей бізді ғасырлар бойы Қырғыз деп атап келгенін ұмытпайық).Біреудің қатесі үшін неге біз жапа шегу керекпіз ?
Бұл саяси қадам болғанан кейін саясатшылар тарапынан бұнын айтылатын және айтылмайтын жақтары болады. Жайдан жай мемлекеттік аппарат осындай кокейкесті ойды ұсынбас еді. Менің ойымша бұл жерде терең бір саяси шешім жатыр.20 жылдың ішінде бізде халық қолдайтын саяси идея шықпады. Жоғарғы жақтан 1,2 жобалар болды. Бірақ бұқара халықтан да , интелленциядан да қолдау таппады .“Қазақстандық ”деген ұлт шығаруға, куәліктен ұлт деген парагравті алып тастауга тырысты , бірақ қазақтар да, өзге ұлттар қолдамады десек болады. Осы әрекеттер кері әсерін беріп халық арасынан Ұлттық Патриоттық қозғалыс пайда болды. Бұл әрине оппозициялық вакум һәм тіл мәселесінің оң шешілмегеннің себебі.Өкінішке орай , Қазіргі кезде бүкіл Қазақстанда тұратын халықты біріктіретін тек спорт болып тұр. Себебі адамдарды бір халыққа біріктіретін ортақ тіл,дін және идея.
Әрине кезкелген демокртиялық елдерде сияқты осы ұсынысты қолдайтындар да, қолдамайтындар да болады. Басқа да балама ұсыныстар да болады . Мысалға : Қазақ респуликасы,Қазақия, Қазақ Орда немесе Алаш (өкінішке орай Алаш сөзі өз идеялық мағынасын қазір жоғалтты) дегендей.Біраз адамдардар “СТАН деген қосымша мемлекетімізге кері имидж алып келіп жатыр, бізді аумақтағы басқа тұрақсыз елдермен шатастырып жатыр ” деген пікір алғаш тұста құптарлық жай боп естілсе де, терең ойланып қарасақ аса сың көтермейді. Неге біз басқалардың не ойлайтынына жалтырақтау керекпіз ? Неге біз өз Түрік бауырларымыздан көрші болудан ұяламыз ? Басқа біреулер” Қазақстанда одан да басқа проблемалар бар,ақшаның барлыгы ЭКСПО-ға кетеді, кейінге ақ қалдырайық “деп жатқандарда бар. Маған қалса біз латын әліппеге өтуге де,мемлекеттік атауды өзгертуге де сәл кешігіп жатырмыз.Бірақ істегеннен кейін қатесіз істеу керек.
Қорытындыласақ, Қазақстанда әлі деколонизация процессі бітпеді. Әліппе,есім ауыстырулар соның бірде-бір көрінісі. Бірақ проблеманы мойындап, оны талқыға салу, соларды шешуге жұмсалған ең үлкен қадамдардың бірі деуге болады.Қазақ Елі есіміне ауысқаннан кейін басқа диаспоралар өздерін Қазақ деп айтуына жол ашады. Қазақ Ұлысы біртекті этностан құралмағанын ескерсек және олардын уақыт өте келе қазақ әтносының ішіне кіруіне тарихи шанс. Кезіндегі (Ақ. Сүйек )Төрелер, (Асыл Сүйек )Қожалар және жүздерге кірмейтін басқа да рулар сияқты. Менің ойымша біз оларга Қазақ болуларына (жаңа сүйек ) мүмкіншілік беру керекпіз егер олар да бұны қаласа. Мысалы: Франциядағы араптар немесе қара түсті азаматтар өздерін “Французбыз” дейді. Бірақ бұл басқа мақалаға тақырыбы және әр нәрсені уақыт көрсетер.