Қазақстанда ресейлік әскери полиция қызмет етеді
Астана. 6-наурыз. Baq.kz – Ресей әскери полициясының бөлімшелері Қазақстан мен Тәжікстандағы әскери гарнизондарға енгізілетін болды, - деп хабарлайды Орталық әскери округының баспасөз қызметі.
Орталық әскери округтың аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсатында, әскери полиция жасағының құрамына 38 әскери комендатура енген болса, оның 29-ы Ресейде. Сонымен қатар, бұл құрамға қазіргі кезде Ресей әскері отырған Қазақстанның Приозерск гарнизоны мен Тәжікстанның Душанбе қаласындағы гарнизондар да қамтылмақ екен.
- Осы орайда әскери полицей лауазымында келісімшартпен қызмет ететін 1,4 мың офицер, сержант пен солдат арнайы аттестациядан өткізілді. Олардың міндеті – азаматтардың өмірі мен денсаулығын, құқығы мен әскерилер еркіндігін қорғаумен қатар, әскери бөлімшелердегі заң талаптары мен әскери тәртіптің сақталуын, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен Ресей Федерациясының Әскери нысандарын қорғау болып табылады, - делінген ОӘО баспасөз өкілдері таратқан хабарламада.
Ресейдің бұл жеке құрамы арнайы керек-жарақпен толық қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, металлды жетон, бронежилет, травматикалық пистолет, резеңке таяқ және қол кісенімен жабдықталмақ.
"Ресей Федерациясының Әскери нысандарын қорғау мақсатында", деген сылтаумен кіргізілген әскер Қырымды Украинадан бөліп алуға әрекет жасап жатқаны әлемге белгілі.