Quantcast
Channel: Последние записи в сообществах | Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

О Казахстане. «Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтанышымыз»

$
0
0

4 маусым  2014 жылы APEC Petrotechnic колледжінде ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» атты патриоттық акциясы өтті. Акцияның ұйымдастырушылары: колледжің студенттік бөлімі, студенттік кеңесі. Іс - шараның басты мақсаты канадалық және қазақстандық оқытушылар, студенттер, колледж қызметкерлері арасында ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау. Акция кезінде студенттер мен оқытушылар Қазақстан Республикасының әнұранын және патриоттық өлеңдерін айтты, сонымен қатар ҚР мемлекеттік рәміздері туралы видеокөрініс көрді және "Сіз мемлекеттік рәміздер туралы не білесіз?" деген тақырыптағы блиц-сауалнамасына қатысты. Сондай-ақ студенттер қызметкерлер мен студенттер арасында «Сіз рәміздер туралы не білесіз?» атты сұрақ-жауап алынды. Қойылған сұрақтар:  Сіз Мемлекеттік рәміздерді білесіз бе?  ҚР Әнұранын толық жатқа айта аласыз ба? Әнұранның авторларын білесіз бе? ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторларын білесіз бе? ҚР Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденов қайда және қашан туылған?Сұрақтарға жаңылмай жауап берген, белсенділерге естелік сыйлықтар тарту етілді.

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Біз мемлекеттік рәміздерімізді мақтан етіп, құрметтейміз. Тәуелсіз еліміздің көк Туы желбіреп, Әнұраны асқақтай берсін!

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Latest Images

Trending Articles





Latest Images