Quantcast
Channel: Последние записи в сообществах | Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Моя религия-Ислам. Намаз оқу тәртібі

$
0
0

Намаз оқу тәртібі

Бисмилләхир-Рахманир-Рахийм
Екі рәкәғат парыз, сүннет және нәпіл намаздарының оқылуы

1. Жүзімізді құбылаға қаратып екі ракағат парыз (сүннет, нәпіл) намазын өтеуге ниет етіп, «Аллаху әкбар» деп құлақ қағып қол байлап, мына дұғаны оқимыз: «Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук»

2. Содан соң «Аузу-бәсмәлә»-ні іштей , Фатиха сүресі мен бір қысқа сүрені парыз намазында дауыстап, сүннет немесе нәпіл намаздарында іштей оқимыз...

«Әуузу билләәхи минәш шайтаанир ражийм, Бисмилләхир Рахманир Рахийм»

Фатиха сүресі.

Бисмилләәхир- Рахманир- Рахийм!

Әлхамду лилләәхи раббил ьааламийн,
Әррахмәәнир Рахийм...
Мәәлики иәумиддийн.
Ий-йәәкә нәьбуду уә ий-йәәкә нәстәьийн.
Ихдинәс сиратал мустақийм.
Сираатал ләзийнә әньамтә ьаләйхим ғайрил мағдууби ьаләйхим уәләд-доооллийн (Әәмийн).

Қысқа сүрелер:

Нас сүресі: «Қул хүуаллахү әхад. Аллахус самәд. Ләм иәлид уә ләм юләд. Уә ләм иәкул-ләху куфуән әхад».
***

1. Қысқа сүре оқылып болған соң «Аллаху әкбар» деп, «Рукуғ» жасаймыз. (Рукуғ-екі қолмен тізелерді ұстап, еңкейіп тұру).

Рукуғта іштей үш рет «Субхаанә раббиәл-ьазыйм»деп айтамыз. Кейін «сәмиаллаху лимән хамидәх» деп, дауыстап айта отырып бойымызды тік ұстаймыз. Осы кезде іштей «Раббәнәә уә ләкәл хамд»-деп айтып, сосын «Аллаху әкбар» деп дауыстап айтып сәждеге барамыз. (Сәжде-маңдай, мұрын. Екі алақан, екі тізе және аяқ ұштарының жайнамазға тиюі). Сәждеде «Субхаанә раббиәл-аьләә» деп іштей үш рет айту керек. Сосын «Аллаху әкбар» деп дауыстап айтып, басымызды көтеріп, сол аяғымыздың үстіне отырып «Раббиғфирли, раббиғфирли» деп іштей айтып, Аллаху әкбар деп, дауыстап айтып екінші рет сәжде жасаймыз. Сәждеде «Субхаанә раббиәл-аьләә»-деп іштей үш рет айтылады. Сосын «Аллаху әкбар» деп дауыстап, екінші рәкағатқа тұрамыз. Бұл рәкәғатта да «Бәсмәла», «Фатиха», және бір қысқа сүре оқылып, «Рүкүғ», «Сәжделер» жасалып (яғни, жоғарыда айтылғандай, тура бірінші рәкәғат сияқты оқылады) ,екінші сәждеден кейінгі отырыста «Әттахият», «Салли, Барик», «Раббәнәә» дұғаларын іштей оқып, «Әссәләәмү әләйкум уә рахмәтулла»,-деп оң иыққа сосын сол иыққа қарап сәлем береміз..Осымен намаз аяқталады.. Бұл екі ракағат парыз намазының оқылуы... (екі рәкәғат сүннет намаздары да осылай оқылады. Тек қана онда барлық сүрелер, дұғалар және тәкбірлер іштей оқылады).
Әттахият дұғасы:
«Әттахияту лилләәхи салли ьаләә Мұхаммәд. Уә ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә салләйтә ьаләә Ибраахиймә уә ьаләә Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд»
«Аллаахуммә бәәрик ьаләә Мұхаммәд. Уә ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә бәәрәктә ьәләә Ибрахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд».
Раббәнәә дұғасы:
«Раббәнәә әәтинәә фиддуния хасәнәтәу уә филәхирәти хасәнәтәу уә қинәә ьазәәбән-нәәр»

2 ракағат намаз оқу үлгісі بسم الله الرحمن الرحيم Абу Ханифа мазхабы

 

Шын мәнінде Мен Аллаhпын. Менен басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ.Сондықтан маған құлшылық қыл. "Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында." Таха сүресі 14 аят

3.Субханәкә Аллаһуммә уә бихамдикә Ия Аллаh! Сені кемшілік сипаттардан пәктаймын.

уә тәбәрәкә исмукә уә тәғалә Мақтауға лайықсың Сенің есімің Мүбарак, Дәрежең өте Жоғары

жәддукә уә лә иләһә ғайрук. Сенен өзге құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ

4.Ағузу-билләһи минәш шайтони-р-роджиим Қуылған шайтанның кесірінен Аллаhқа сыйынамын

Фатиха сүресі

5.Бисмилләһи-р-Рохмани-р-Рохиим Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаhтың атымен бастаймын

6.Әлхамду лиЛләһи-р-роббил ғаламин Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы-Аллаhқа тән. (2)

 

Ар-Рохмәнир-рахим Мәлики йәумәддин Аса Қамқор, ерекше Мейірімді.(3) Қиямет күнінің иесі.(4)

 

Ийәкә нағбуду уә ийәкә нәстәғин Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!(5)

 

Иһдинәс сыротоль мустақим Бізді тура жолға сала көр!(6)

 

Сыротоль ләзинә әнғамтә ғаләйһим Нығметке бөленгендеріңнің жолына!

 

Ғайриль мәғдуби ғаләйһим уә ләддооллин Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! (7)

Соныңда *ӘМИН* деп айту керек.Бұдан кейін қосымша сүре оқылады. Мысалға “Ықылас” сүресі

7.Бисмилләһи-р-Рохмани-р-Рохиим Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаhтың атымен бастаймын

8.Қуль һуә Аллаһу ахад. Айт: Ол Аллаh-Жалғыз. (1)

Аллаһус-самад. Аллаh Мұңсыз. (Ешкімге мұқтаж емес, әр нәрсе оған мұхтаж) (2)

Ләм йәлид уә ләм иүләд. Ол,тумады да туылмады. (3)

Уә ләм йәкулләһу куфуән ахад. Әрі Аллаhқа ешкім тең емес.(4)

 

9.Аллаhу акбар –деп Рукуғ жасайсын.

10.“Субханә Раббиәл ғәзим” -3 рет Аса Жоғары Аллаh Өте ҮстеМ!

 

Кейін 11.Самиғ Аллаhу ли-мән хәмидәh-деп қолды бір көтеріп, тік тұрасың.

12.Тұрған кезде Аллаhумма Роббә-нә, уә ләкәль-Хәмд деп айтасын.

 

Кейін 13.Аллаhу Акбар-деп СӘЖДЕ етесін.

 

14..Субhана Раббия-ль-Ағля (3 рет) Аса Жоғары Раббым Пәк!

15.Аллаhу Акбар-деп отырасын Осы кезде мына дұғаны оқисын.

16.Роббиғ фирли . ғ фирли Ия Раббым мені кешіре гөр.кешіре гөр!

 

Тағы да 17.Аллаhу Акбар.-деп сәжде етесін

18.Субhана Раббия-ль-Ағля (3 рет) Аса Жоғары Раббым Пәк!

 

Кейін 19.Аллаhу Акбар деп 2 ракағатқа тұрасын.

2 ракағат

Фатиха сүресі

20.Бисмилләһи-р-Рохмани-р-Рохиим Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаhтың атымен бастаймын

21.Әлхамду лиЛләһи-р-роббил ғаламин Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы-Аллаhқа тән. (2)

 

Ар-Рохмәнир-рахим Мәлики йәумәддин Аса Қамқор, ерекше Мейірімді.(3) Қиямет күнінің иесі.(4)

 

Ийәкә нағбуду уә ийәкә нәстәғин Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!(5)

 

Иһдинәс сыротоль мустақим Бізді тура жолға сала көр!(6)

 

Сыротоль ләзинә әнғамтә ғаләйһим Нығметке бөленгендеріңнің жолына!

 

Ғайриль мәғдуби ғаләйһим уә ләддооллин Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! (7)

Соныңда *ӘМИН* деп айту керек .Бұдан кейін қосымша сүре оқылады. Мысалға “Кәусәр” сүресі

22.Бисмилләһи-р-Рохмани-р-Рохиим Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаhтың атымен бастаймын

23.Иннә әғтойнә кәл кәусәр Шын мәнінде саған Кәусәрді бердік.

Фәсолли ли Роббика уәнхәр Сондықтан Раббың үшін намаз оқы, құрбандық шал.

Иннә шәни әкә хуәл әбтәр         Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.

 

24.Аллаhу акбар –деп Рукуғ жасайсын.

 

25.“Субханә Раббиәл ғазим” -3 рет Аса Жоғары Аллаh Өте ҮстеМ!

 

Кейін 26.Самиғ Аллаhу ли-ман хамидаh-деп қолды бір көтеріп, тік тұрасың.

27.Тұрған кезде Аллаhумма Роббә-нә, уә ләкәль-Хәмд деп айтасын.

 

Кейін 28.Аллаhу Акбар-деп СӘЖДЕ етесін.

 

29.Субhана Раббия-ль-Ағля (3 рет) Аса Жоғары Раббым Пәк!

 

30.Аллаhу Акбар-деп отырасын Осы кезде мына дұғаны оқисын.

 

31.Роббиғ фирли,ғ фирли Ия Раббым мені кешіре гөр,кешіре гөр

 

Тағы да 32. Аллаhу Акбар.-деп сәжде етесін

33.Субhана Раббия-ль-Ағля (3 рет) Аса Жоғары Раббым Пәк!

 

Кейін 34.Аллаhу Акбар.-деп соңғы отырысқа отырасын.

 

Отырыста “Әттәхият” дұғасы мен “Салауат” және дұға оқылады.

 

35.Әттәхият дұғасы

Әт тәхиййәту лилләһи уас соләуәту уат тайибәту әс сәләму ғаләйкә әййуһән нәбийу уә рахмәтуЛлаһи уә бәракәтуһу, әссәләму ғаләйнә уә ғалә ғибәдьлләһис солихин. Әшһәду әл-лә иләһә илл Аллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә Расулуһ.

“Сәлемдер,салауаттар және барлық жақсылықтар Аллаhқа тән. Әй, Пайғамбар! Алланың сәлемі, игілігі, берекеті саған болсын, сәлем, бізге және Аллаhтың ізгі құлдарына болсын. Аллаhтан басқа ешбір құлшылыққа лайықты Тәңір жоқтығына және шын мәнінде Мухаммад Аллаhтың құлы әрі Елшісі екендігіне куәлік беремін ”.

36.Салауат және 37.Дұға

Аллаһуммә салли ғалә Мухаммадин уә ғалә әли Мухаммадин кәмә салләйтә ғалә Ибраһимә уә ғалә әли Ибраһимә иннәкә хамидун мәжид.

“Ия Аллаh Ибраһимға және оның отбасына игілік еткенің сияқты Мухаммадқа және оның отбасына игілік ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың”.

Аллаһуммә бәрик ғалә Мухаммадин уә ғалә әли Мухаммадин кәмә бәрәктә ғалә Ибраһимә уә ғалә әли Ибраһимә иннәкә хамидун мәжид.

“Ия Аллаh Ибраһимға және оның отбасына береке бергенін сияқты Мухаммадқа және оның отбасына береке бер. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы әрі жоғарысың”.

Аллаһуммә инни әғузу бикә мин ғәзәбиль ҚабР,уә мин ғәзәби жәhәннәм, уә мин фитнәтил махия уәл мәмәт, уә мин шәрри фитнатил мәсихид Дәджәл.

 

“Ия Аллаh қабір азабынан тозақ азабынан ,өмір мен өлім бүлігінен , Мәсих Дәджәлдің бүлігінен сақта-деп Өзіңе сыйынамын!

Роббәнә әтинә фиддуниә хасәнәтән уә фил әхирати хасәнәтән уә қыйнә ғазәбән нәр.

“Раббым! Біздерге дүниеде де жақсылық бер, ахиретте де жақсылық бер. Және тозақ отынан сақтай көр!”

Бұдан кейін екі иыққа (бірінші оң жаққа, содан кейін сол жаққа) қаралып сәлем беріледі.

38. Әссәләму ғаләйкум уә рахмәтуллаһ “Сендерге Аллаhтың сәлемі, рахметі болсын!

Кейін СубханАллаh, ӘлhәмдулиЛлаh , Аллаhу Акбар-ды әрқайсысын 33 реттен айтасыз. Кейін Аятуль Курси оқисыз.

Бисмилләһир Рохманир Рохим

Аллаһу лә иләһә иллә һуәл хаййул қаййум. Лә тәьхузуһу синәтун уә лә нәум. Ләһу мә фис сәмәуәти уә мә фил ард мән зәлләзи йәшфәғу ғиндәһу иллә би-изниһ йағләму мә бәйнә әйдиһим уә мә халфәһум уә лә йухитунә би-шәйим мин ғилмиһи иллә бимә шә-ә уәсиға курсийу-һус-сәмәуәти уәл-ард уә лә йә-у-дуһу хифзуһумә уә һуәл-ғалийул-ғазим.

“Аллаhтан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ. Ол мәңгі тірі, толық меңгеріп тұрушы. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында Өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағын да, арттарындағын да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның Күрсісі көктер мен жерді сыйдырады. Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол өте Биік, аса Зор”.

«Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған. Басына бір ауыртпашылық түссе тым шыдамсыз. Ал қолына жақсылық келсе аямшақ бола қалады. Тек намаз оқушылар (мұндай) емес» Мағарыж сүресі 19-22 аят

P.S: Намаздағы амалдар мен сөздерге ДӘЛЕЛДЕРДІ муххаддис ғалым М.Аль-Альбанидің «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазы» деген кітаптан көре аласыздар. Асты сызылған сөздер ДауыстаП айтылады,ал сызылмағаны ІштеЙ айтылады.

 

ӘЙЕЛДЕРДІҢ НАМАЗ ОҚУ ҮЛГІСІ

J_1.jpg

Намаз  оқудың дұрыс үлгісі  (таң намазының парызы).

 

«Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға, жүзімді қараттым құбылаға».

 

Ниет шын жүректен айтылуы тиіс. Ниеттің тек  тілмен ғана айтылып, жүрекпен бекітілмесе намаз қабыл болмайды.

J_2.jpg

1. «Аллаһу әкбәр» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп ифтитаһ тәкбірі алынады. Ифтитаһ тәкбірін алып,  Аллаға құлшық ету кезінде  ештеңе адамның ойын бөлмеуі керек.  Әйелдер тәкбір алғанда  алақандары құбылаға қарап, саусақтары жәй ғана ашық қалпында және саусақ ұштары иықтардың тұсына келетіндей түрде қолдарын жоғары көтереді.

J_3.jpg

 

J_4.jpg

 

2. Тәкбір алғаннан  кейін қол байлайды. Түрегеліп тұрғанда сәжде  жасайтын жерге қарап тұрады. Оң қолы сол қолының үстіне келетін түрде, қолдарын кеудесіне ұстап,«Субханака» дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук».

Мағынасы: «Я,Алла! Сен кемшілік сипаттардан пәк және ұзақсың. Сен әр уақыт мақтауға лайықсың. Сенің атың мүбарак. Сипатың өте жоғары. Мақтауға лайық. Сенен өзге Тәңір жоқ»

Содан кейін: «Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» айтылады.

Мағынасы: «Лағынеті шайтанның азғыруынан бір Өзіңе сыйынамын».

Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресін оқиды:«Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».

 

Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандарың және адасқандардың жолына емес».

 

J_5.jpg

 

3. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп рукуғқа барады. Рукуғта  3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы:«Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.  Рукуғта сәжде  жасайтын жерге қарайды. Әйелдер рукуғта арқасын кішкене еңкіш ұстап, еркектердегідей саусақтарын ашпай, қолдарын тізелерінің үстіне қояды. Тізе шынтақтарын біраз бүгіп тұрады.

 

J_1.jpg

4. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді!

J_6.jpg

 

5. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Әйелдер сәждеде білек, шынтақтарын қабырғаларына тигізіп ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге  тіреліп, тік ұсталады. Саусақтарының ұштары   құбылаға қараған түрде келеді.

J_7.jpg

 

J_8.jpg

6. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның  үстіне қойылады.

Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ»  дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады. Әйелдер екі аяғын оң  жағына жіберіп, жартылай жамбастап отырады.

 

J_6.jpg

7. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара  «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») дейді.

J_3.jpg

8. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдары байланады. Сәждеден  тұрғанда: алдымен бас, одан кейін қолдар, соңында қолдар мен тізені таянып, тік тұрады. Осымен бір рәкат орындалады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Trending Articles