Қадір түні — қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің “Қадыр сүресінде” айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады. Кейбір риуаяттарға қарағанда Қадір түні. Рамазан айының 27-ші түні, дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені белгісіз. Сондықтан тақуа кісілер Ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізеді.
Ночь предопределения, также Ночь аль-Кадра, Ночь Могущества — в исламе праздник, отмечаемый в 27 ночь рамадана в честь открытия Мухаммаду первой суры Корана в 610 году в пещере Хира горы Джабал ан-Нур. В эту ночь, согласно исламским источникам, к молящемуся Мухаммаду явился архангел Джабраил и, указав на свиток, сказал: «Читай!» (Коран!). Ночь предопределения празднуется в конце девятого месяца рамадан. В Ночь предопределения принято просить прощения у Бога за совершенные грехи и читать Коран.
Когда будет?
Ночь Могущества и Предопределения (Ляйлят-аль-Кадр) в 2014 году приходится на ночь с 23 на 24 июля, или на одну из ночей в период между ночью с 18-19 июля и до ночи с 27 на 28 июля.
Ночь могущества является самой важной из ночей в году для каждого мусульманина. "Проявление благодати, милости и прощения Всевышнего в эту ночь несравнимо с другими ночами по своей значительности. Верующий, проводящий эту ночь в молитвах, приобретает, по милости Всевышнего, необычно большее количество сил и жизненной энергии". Это ночь, когда на небесах предопределяется судьба каждого человека, его жизненный путь, трудности и испытания, которые предстоит пройти, и если провести эту ночь в молитвах, в осмыслении своих деяний и возможных ошибок, то Аллах простит ему грехи и будет милостив.
Что же касается даты ночи Предопределения, то в Коране сказано, что она приходится на одну из 10 последних ночей Рамазана. Некоторые источники указывают, что Ляйлят-аль-Кадр или Ночь Предопределения и Могущества приходится на 27 число Рамазана. Есть источники, говорящие, что Ночь Предопределения может выпасть на 21, 23, 25 ,27 и последнюю ночь Рамазана.
Считается, что определить наступление Ляйлят-аль-Кадр или Ночи Предопределения и Могущества можно по некоторым признакам. "Эта ночь чистая и светлая, а луна в ней словно блистает. Она тихая и спокойная, ни холодная, ни жаркая. В эту ночь не позволяют метать звезды, пока не наступит утро. И еще одним ее признаком является то, что солнце на утро восходит ровное, без лучей, подобно луне в ночь полнолуния, и шайтанам в этот день не разрешается выйти вместе с ним."
Поэтому наиболее правильным считается все последние 10 ночей Рамазана посвятить молитвам.
Қадыр түнінің мұсылманға қандай пайдасы бар?
Ғалымдар төрт маңызды сауабы бар деп бізге жеткізеді:
1. Бұл Қадыр түні 1000 айдан жақсы дейді, яғни адам баласының өмірі көп кетсе қазіргі уақытта 70 немесе 80 жаспен шектеледі. Сонда мың ай 84 жылмен бірдей, яғни өмірбойы құлшылық істегеннің сауабын бір түннің ішінде аласыз. Демек, бұл түнде намаз оқысаңыз, 84 жыл намаз оқып шыққанмен бірдей болады. Егер, сіз садақа берсеңіз, онда 84 жыл беріп жүрген боласыз. Міне, осылайша барлық жұмыстарымызды теңдестіруге болады. Сондықтан, Аллаһ Тағаланың 1000 айды айту себебі мұсылман адамда осы түн үшін ерекше махаббат болу керек, сонымен бірге Аллаһ Тағала бізді қызықтырып отыр.
2. Қадыр түнінде Аллаһ Тағала біздің дұғамызды қайтарып тастамай, қабыл етеді. Дәл осы түні қабыл ететін себебі: Қадыр түнінде аспаннан періштелер түседі. Олар жерде жүріп, барлық хабарды Аллаһ Тағалаға жеткізеді. Бұл Құран Кәрімде бізге баяндалынып берілген.
3. Бұл түні құлшылық істесек, бұрынғы күнәларымызды жояды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім Қадыр түнінің сауабына сеніп, шын көңілімен құлшылықпен істейтін болса, онда Аллаһ Тағала бұрынғы күнәларын кешіреді», - деген. (Бухари, Муслим). Ғалымдардың бір тобы үлкен күнә немесе кішкентай күнәлар деп бөлсе, енді бір тобы: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) нақты күнәларды бөлген жоқ, сондықтан ол қандай күнә болса да Аллаһ Тағала кешіреді»,- дейді. Сондықтан, құрметті мұсылман қауым, осы түнде шын көңілмен Аллаһ Тағаладан істеген күнә жұмыстарымызға кешірім сұрауымыз керек. Демек ,күнәдан арылу үшін бір жерге барудың немесе басқа жұмыс істеудің керегі жоқ, тек қана шын көңілмен құлшылық істесек, сонда ол қабыл болып, біздің күнәларымызды кешіреді.
4. Тозақ отынан сақталады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Рамазан айының алғашқы он күні мейірбандық күндері, ал екінші онкүндік кешірімділік күндері, ал ең соңғы он күні тозақ азабынан сақтанатын күндері», - деген (Хаким). Демек, сен Рамазан айына күнә жұмыстармен кіргенде, ең бірінші Аллаһ Тағала саған мейірбандық істейді, ал онан кейін күнәларыңды кешіреді, содан кейін тозақ азабынан сақтайды, яғни тозаққа кірмейміз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) басқа хадисінде былай дейді: «Рамазан айының соңғы он күніне кіргенде, Аллаһ Тағала көп мұсылманның мойындарын тозақ отынан сақтайды (босатады)». Сонда сахабалар: Я, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Неге, дәл ең соңғы күндері тозақтан босатады?»,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендер жұмысшыларды көрмедіңдер ме? Олар бір ай бойы жұмыс істейді, ал айдың аяғында олар еңбектерін алмай ма?»,- деп жауап берді. Міне, біздер де бір ай бойы ораза ұстадық, сонымен бірге намаздарды тастамай Аллаһ Тағаладан күнәларымызды кешіруді сұрадық. Енді, сол еңбек үшін Аллаһ Тағала біздің бұрынғы күнәларымызды кешіріп, тозақ отынан сақтап жәннатқа кіргізеді. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұсылмандарға түсінікті болу үшін мысалмен түсіндіріп берді. Ал бір кісі бар бір ай бойы жұмыс істемеді, бәлкім, жұмысты тастап кетіп немесе жұмысқа немқұрайлы қарады. Сонда ол кісі айдың аяғында өз жұмысын дұрыс атқармаған болса, маған ақша беріңдер деп қалай сұрайды. Сондықтан оразада да дәл солай, егер біздер ораза ұстап жүріп, біреуді жамандап, өтірік сөз айтып, харамнан ақша тапсақ немесе мешітке келген кезде бос сөздерді айтсақ немесе істеген күнә жұмыс үшін Аллаһ Тағаладан кешірім сұрамасақ, онда қалайша айдың аяғында Аллаһ Тағала бізге сыйлық береді, яғни бізді қалай тозақ отынан сақтап, жәннатқа кіргізеді. Ол біз үшін ең үлкен сыйлық болып саналады. Демек, Аллаһ Тағала бізге осы Қадыр түнінде сауабын беріп, сонымен бірге тозақ отынан аман қалдырамын десе, Аллаһ Тағала өзінің сөзінен қайтпайды, оны орындайды.
Қадір түніне қатысты мынадай бірнеше маңызды деректер айтылып жүр:
1- Құран Кәрім толық күйінде «Ләухул Махфуздан» дүние көгіне, Бәйтул Иззәтқа Қадір түні түскен. Бұл – адамзат үшін өте маңызды оқиға.
2- Бұл түнгі ғибадат – құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан артық.
3- Алла тағала адамдардың тағдырындағы келесі жылы болатын жазмыштарды періштелеріне бұйырады.
Абдуллах ибни Аббас (р.а.) және Имам Әбул-Хаттаб әл-Басридің айтуынша, бұл түні келесі жылға дейін болатын әр түрлі маңызды оқиғалар туралы Алла тағаланың тағдыры періштелеріне аян болады.»
4- Имам Сәһл ибн Абдуллах: «Алла тағала бұл түні мүмін құлдарына рахымын төгіп, кешірім сыйлайды,» – дейді.
5- Бұл түні Рух (Жәбірейіл періште) пен көптеген періштелер жер бетіне түседі. Имам Хамд ибн Ахмад: «Бұл түні жер бетіне түскен періштелердің көптігі сонша – жер беті періштелерге сыймай кетеді» деп көрсеткен.
Қадір түнін қалай өткізген жөн?
Алла тағала адам баласын тек қана Өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны хақ. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі құлшылықтар жасап, нәпіл және қаза намаздарын оқып, Құран оқып, тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Қадір, 1);
Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)» деп дұға етуге кеңес берді.
Сондай-ақ бұл түнді рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар оқып, діни сауаттылығымызды арттыруға бағытталатын бейнефильмдер мен бағдарламаларды көрумен өткізуге де болады.
Қадір түнін өткізуде түні бойы дастархан жайып қою шарт емес.
Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер, тым болмаса, түннің бір бөлігін құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуіне болады.
Алла тағала бұл түнде жасалған бүкіл құлшылықтарды қабыл етсін. Әмин.