Бұл жазғы демалысымды мен, сөссіз, керемет өткіздім. Соның бір себебі, әрине, «Жастар Отанға» лагеріне қайта баруым. Бұл лагерь мен үшін үлкен мектеп! Себебі, ол тек демалыс орны болып қана қоймай, соған қоса, бізді, жастарды, жаңа белестерді бағындыруға үйретеді және соған талпыныс береді; бізді әр түрлі ортада еркін сезінуімізге үйретеді; жаңа таныс-достарымызбен бір топ болып жұмыс істеуімізге қолқабыс етеді. «Оны неден көруге болады»- деген сұрақ туындайды. Күнделікті оқытылатын лекциялар, тренинг-сабақтар, ойындар, кездесулер осының дәлелі болып табылады. Менің ойымша,бұл жоба жалғасын табу керек, әрі қарай өмір сүру керек.
Кез келген істің ақ жолымен бірге қара жолы да қатар жүреді. Мұндад да жоқ емес, бар. Менің ойымша, ең алдымен, фасилитарторларды оқытуға көбірек уақыт бөлінуі қажет. Оқуға арналған уақыттың тапшылығы олардың өз- өзін көрсете алмауына кедергі болуы мүмкін. Екінші, ол таңғы жаттығу. Мұнда біз дене жаттығуларын биге алмастырдық. Көңіл көбірек дене жаттығуларына бөлінсе деймін.
Жалпы алғанда, лагерьде өткізген уақытым зая кетпегеніне толық сенімім бар. Көп нәрсеге үйренесін, көресін, салыстыра бастайсын, өзіңе деген жауапкершілігің артады, басқаларға өз білгеніңді үйретесін. Алған білімімді істе қолдануға тырысамын.
Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс!
СҚО, Петропавл қаласы.