Quantcast
Channel: Последние записи в сообществах | Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Судебная система Республики Казахстан. Сот жүйесінде жаңа сервистердің қолдануын талқылау

$
0
0
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық ақпараттық технологиялар орталығы өкілдерінің қатысуымен «Инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Негізгі ортаға салған мәселе – сот жүйесінде жаңа сервистерді қолдану жөніндегі сұрақтар болды.
Сот жүйесінде заманауи технологияларды ендіру мен қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократтық кедергілер болмайды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын қысқартады, бұл сыбайлас жемқорлыққа бейімін төмендетуге жәрдемдеседі.
Қойылған тапсырмаларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ халыққа сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігі үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жоғарғы Соттың интернет-қоры арқылы сот ақпаратына кол жеткізуді қамтамасыз ететін жаңа жобалар шығарды, жаңа электрондық қызметтер бұл: «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу», қысқаша мәтін түріндегі «Соттың шақыру қағазы» хабарландыруын оқып қағазға басып шығару.
Электрондық қызмет көрсету сот жүйесінің ашықтығы мне қол жетімділігі үшін және халықтың ыңғайлығы үшін құрылған, бұл азаматтардың уақытын және ақшалай қаржысын үнемдейді.
Жаңа технологиялардың қолдану аясы кеңейіп келе жатыр, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдерін жетілдіру жүргізілуде. Қазіргі кезде заң деңгейінде сот талқылуында қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ететін заманауи техникалық құралдарды пайдалануды процессуалдық реттеу қарастырылып жатыр. Бұл жетілдірудің мақсаты – сот ісін жүргізудің ашықтығы мен қол жетімділігі.
Талқылау барысында дөңгелек үстелдің қатысушылары заманауи ақпараттық коммуникациялық техникамен соттарды қамтамасыз ету бойынша қолға алынған іс-шаралар бірінші кезеңде сот ісін жүргізетін қатысушыларға және халыққа арналған максималды ашық обьективті сот талқылауын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып өтті.
Сот ісін жүргізуде қатысатын, сот жүйесінде ақпараттық технологияларды кең түрде қолданатын тұлғалар электрондық сот ісін жүргізуді дамытуға өз үлестерін қосады, істерді қарау ыңғайлы, сапалы және жедел түрде болады.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Trending Articles