2015 ж. 16 наурызда Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов метрополитеннің жаңа «Мәскеу» және «Сайран» бекеттерін тексерді және оларды пайдалануға беру дайындығын жоғарғы дәрежеде бағалады. Бүгінгі күні бекеттердегі тестілеу жұмыстары аяқталып қалды.
Қала әкімдігінің басшысы жолаушылардың қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды және жаңа бекеттердің барлық жүйелері мен нысандарын қайта жете тексеруді бұйырды. Сонымен қатар барлық тораптар мен агрегаттардың бақылау сараптамасын ұйымдастыру, ретке келтіру және іске қосу-реттеу жұмыстарының нәтижелерін тексеруді бұйырды.
««Мәскеу» және «Сайран» бекеттерін беріктікке сынау сәтті өтті. Метро - ерекше көлік, сондықтан да ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Сондай-ақ әкім мамандардың бағалауы бойынша жаңа «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылғаннан кейін жолаушылар ағымының екі есеге көбейетіні болжамдалып отырғанын айта кетті.
Қазіргі таңда Алматы жерастының ұзындығы 8,56 км құрайды, ал «Сайран»және «Мәскеу» бекеттерін енгізгеннен кейін оның ұзындығы 2,74 км ұзарады.
«Сайран» бекеті Абай даңғылының бойымен Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында орналасқан. Сбойканың тереңдігі 18 метр. Платформаның ұзындығы 74 м, биіктігі 11,5 м, ені 22,5 м. «Мәскеу» бекеті Абай даңғылының бойымен Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасында орналасқан. Платформаның ұзындығы 74 м, биіктігі 11,5 м, ені 23,5 м құрайды. Әрбір бекетте 2 лифт және 8 эскалатор қызмет көрсететін болады.
Абай даңғылының бойымен Момышұлы көшесінің батысына қарай метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезектегі екінші іске қосу кешенін салу бойынша жұмыс барысында тармақты ұзарту жоспарланады, бұл тармаққа «Family Park» аймағында орналасатын «Сарыарқа»бекеті және Абай даңғылының бойымен Момышұлы көшесінің батысына қарай орналасатын «Достық» бекеті кіреді.
16 марта 2015 г. аким города Алматы Ахметжан Есимов проинспектировал новые станции метрополитена «Москва» и «Сайран» и отметил высокую степень их готовности к эксплуатации. На сегодняшний день тестовые работы на станциях находятся в стадии завершения.
Глава городского акимата уделил особое внимание вопросам безопасности пассажиров и поручил провести повторную тщательную проверку всех систем и объектов новых станций. В частности, организовать контрольную экспертизу всех узлов и агрегатов, проверить результаты отладки и пуско-наладочных работ.
«Испытание на прочность станций «Москва» и «Сайран» прошло успешно. Метро - специфический транспорт, и, в первую очередь, необходимо обеспечить безопасность пассажиров», - подчеркнул Ахметжан Есимов.
Аким также отметил, что с вводом новых станций «Сайран» и «Москва», по оценкам специалистов ожидается двукратное увеличение пассажиропотока.
В данный момент протяженность Алматинской подземки составляет 8,56 км, с вводом станций «Сайран» и «Москва» она увеличится еще на 2,74 км.
Станция «Сайран» расположена по проспекту Абая между улицами Брусиловского и Тлендиева. Глубина сбойки 18 метров. Длина платформы 74 м., высота 11,5 м., ширина 22,5 м. Станция «Москва» находится по проспекту Абая между улицами Утеген батыра и Алтынсарина. Длина платформы составила 74 м., высота 11,5 м., ширина 23,5 м. На каждой станции будут функционировать 2 лифта и 8 эскалаторов.
Продлить ветку вдоль проспекта Абая в западном направлении до ул.Момышулы планируется в ходе работ по строительству второго пускового комплекса второй очереди первой линии метрополитена, включающего станцию «Сарыарка», расположенную в районе «Family Park» и станцию «Достык» по пр.Абая, западнее ул.Момышулы.