Quantcast
Channel: Последние записи в сообществах | Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

О Казахстане. ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

$
0
0

Әйгөлек халықаралық телевидиниялық конкурсының гран при иегері, әнші балапан байқауының бас жүлде иегері, жарқын болашақ байқауының мәнерлеп оқу сайысы бойынша бас жүлде иегері Ишетай Дильназбен сұхбат.


-          Қай мектепте, нешінші сыныпта оқисыз?

-          Мен Алматы қаласында, № 141 – орта мектепте, 6 сыныпта оқимын.

-          Біз білмейтін тағы қандай жетістіктеріңіз бар?

-          Абай шығармаларын мәнерлеп оқудан 1-ші орын алдым және Қарағанды облыстық таэквандо жарысынан да 1-орынды иелендім.

-          Сіздің жетістіктеріңізге қарап, сізді “еңбекқор” деуге болады. Осылай көп еңбек етуге сізді не шабыттандырады?

-          Жақсы білім алып, келешекте еліме пайдалы азамат болуға және үлкен сұранысқа ие маман болуға деген құштарлық менің көп еңбектенуіме шабыттандырады.

-          Хоббиіңіз? Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

-          Бос уақытымда ән жазумен және әнге сөз жазумен айналысамын. Баскетбол ойнағанды ұнатамын. Домбра тартамын.

-          Болашақта кім болуды армандайсыз?

-          Болашақта өнер жұлдызы болғым келеді.

-          Ең ұнатып оқитын сабағыңыз?

-          Қазақ әдебиетін ұнатып оқимын.

-          Әдеби кітаптарды көп оқисыз ба?

-          Иә, Шыңғыс Айтматовтың кітаптарын оқығанды үнатамын.

-          Ең ұнатып оқыған кітабыңыз?

-          Смағұл Елубаевтың “Ақ кеме” кітабы.

-          Сіз үшін білімнің орны қандай?

-          Мен үшін білім әрқашан бірінші орында.

-          Мектепте және білім жүйесінде өзгерткіңіз келген нәрсе барма?

-          Білім жүйесінде жемқорлық болмаса және комиссия көп келмесе. Өйткені жемқорлық болса білім алу адал болмайды. Комиссия келгенде сабақтар дұрыс өтілмейді. Оқушыларға коп жағдай жасалса, мысалы мектепке шкафтар қойылса, тамақ берілсе және тамақтың сапасы жақсы болса. Осы айтқан нәрселерді өзгертер едім.

-          Қандай жанрдағы фильмдер ұнайды?

-          Мелодрама. “Махаббатым жүрегімде” фильмі маған қатты ұнады.

-          Сіз үшін Отан деген не?

-          Үйім, анам, отбасым, отанымды басқа елдерге таныту.

-          Миллион долларыңыз болса не ісдер едіңіз?

-          Миллион долларым болса жартысын «Бөбек» қорына, жартысын мектептегі жағдайы төмен балаларға көмектесер едім.


-          Жасөспірімнің бақыты үшін не керек?

-          Ата-анасымен бірге болу, оқуға жағдай жасалу керек.

-          Қандай армандарыңыз бар?

-          Баян Есентаеваның продюсерлік орталығында ән жазу.

-          Жақсы адам болу үшін не істеу керек?

-          Жақсы адам болу үшін өтірік айтпау, өсек айтпау керек.

-          Ең жақын дос қандай болу керек?

-          Қандай жағдай болса да жанында болу, сенімді болу керек.

-          Неге “STUDY SMART” білім беру орталығын таңдадыңыз?

-          Бұл білім беру орталығының мұғалімдерінің сабақ беруі маған ұнайды, мұғалімдердің біліктілігі өте жоғары, тақырыптарды оқушылар оңай түсінетін әдістермен үйретеді, әрі үйіме де жақын.


-          Өз жасыңыздағы оқушыларға тілек және кеңесіңіз?

-          Әр оқушы өзіне мақсат койып, жақсы білім алып, болашақта өз отанына қызмет етуін тілеймін.

-          “STUDY SMART” білім беру орталығының атынан армандарыңыздың орындалуына, биік белестерден көріне беруіңізге тілектеспіз.

-          Рахмет.

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Trending Articles