Сәлем, қымбатты оқырман!
Көптен көрінбей кеткенмін, кешірім сұраймын, жақында бір оқырманның алғысы көңілімді көтеріп. Менің постым біреуге көмек болған екен, әрі қарай тағы жазайын деп шабыттанып қалдым.
Ендеше, бүгін сіздерге керемет компьютерлік бағдарламаларды көрсетемін.
Ақылы бағдарлама: Endnote (http://endnote.com/)
Ақысыз бағдарлама: Citavi (https://www.citavi.com/)
Өз басым Citavi бағдарламасымен міне 2012 жылдан бері жұмыс істеудемін. Бұл бағдарлама арқылы қолданылған әдебиеттер тізімімен қатар, дәйексөзді мәтінде дұрыс қолдану түрлерін үйренесіз. Сонымен қатар, бағдарламаны бірлесіп дос-құрбылармен қолдана аласындар. Бұл бағдарламаны қолдану үшін кішкене ағылшын тілін білу қажет.
Келесі қадамдарды жаса:
1. https://www.citavi.com/en/students.html сайтынан Downloads түймесіне басып, бағдарламаны компьютерге көшіріп ал.
2. Бағдарламаны компьютер орнат.
3. Бағдарламаны ашып, New project деп жаңа проектіні ашып, оған атау жаз.
4. Ашылған бетте Автордың аты-жөнін, жұмыстың атауын, тақырыпшасын, тақырып қосымшасын, серіктес авторларды, журнал атауын, том, жылын, нөмірін, беттерін, егер интернеттегі мақала болса, URL-адресін, алынған күнін толтыруға болады. Және де қолданылған әдебиет кітап, шығармалар жинағы, мақала және т.б. түрлері бойынша енгізіледі.
немесе
4. Retrieve by ISBN, DOI name немесе PubMed ID арқылы кітапты не мақаланы табуға болады. Ашылған терезеге кітаптың ISBN енгу арқылы, Citavi бағдарламасы Интернет арқылы оны тауып өзі енгізеді. Сондықтан интернет желісіне қосулы болу қажет. Өкініштісі, көптеген ISBN бар қазақ не орыс тіліндегі кітаптар Citavi де қазақстандық дерекқорлар жоқ.
5. Барлық кітап, мақалаларды қолмен не автоматты түрде енгізгеннен кейін, қолданылған әдебиеттер тізімін жасаймыз.
6. Citation деген мәзірден ресімдеу түрін таңдаймыз. Егер мақала ағылшын журналында жарық көрсе, көбінесе APA түрі қолданылады.
7. Басты мәзірден "Библиографияны сақтау" дегенде бассаңыз, Word мәтін бағдарламасында қолданылған әдебиеттер тізімі шығады.
8. Сұрақтарды F1 басып, көмек шақыра аласың.
Мына мақала оқуда көмек тигізеді деген ойдамын!