Quantcast
Channel: Последние записи в сообществах | Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

ТАУХИД-ЕДИНОБОЖЬЕ. Киім жайлы, мешітте болғанда

$
0
0

Ассаламу Алейкум Бауырлар! Бұл тақырып ерлерге қатысты. Байқағаным, бауырлар мешітке келіп намазын оқып жатады, әр сәждеге барған сайын арқасы біреуде 3 мм біреуде 5 мм ашылып жатады. Әсіресе жұма намазда көбірек, бес мезгілдерде азырақ бірақ жоқ емес. Қазіргі кезде шалбардың белі төмендеп барады да, кеуде киімнің ұзындығы қысқарып барады. Тағы байқағаным, жуған сайын қысқара беретін матералдардан тігілгендер де бар. Киімге көңіл бөлуге шақырамын. Киімге көңіл бөлуді намазға барарда емес, киім сатып аларда бастасаңыздар нұр үстіне нұр болар еді. Кеуде киімнің барынша ұзынын, ал шалбардың белі жоғарысын таңдап. Мен өзім қабылдаған шешімім, бұдан бұлай тапсырыспен тіктіріп кимекпін. Осылай істесек те жақсы болады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Trending Articles