Астанада күн бұлтты. Жаңбыр жауарын , жаумасын білмей тұр. Кейбір адамдар туралы «түрі жыланған»дей ме? Бүгінгі күн де сол- жыланып тұр.Терезеге қарағың келмейді. Әдемі түсірілген кино немесе док.фильм қараған дұрыс шығар. Сіз «Жизнь Пи» фильмін қарадыңыз ба? Қараңызшы ! Өтінемін. Бірер сағатыңызды бөліңізші. Көзіңізге,көңіліңізге әдемілік сыйлаңыз. Менде мұндай сезім алғаш рет бала кезімде «Қыз Жібекті» көрген кезде болды. Осы уақытқа дейін сол сезімнен арылмай, мен үшін қазақ киносының шедеврі -«Қыз Жібек». Балалық шағым аңызақ ,шөлді мекенде өткендіктен болар.Өмірімде әсем жерлерді көрсем де , бала кезімдегі әсерімнен шыға алмай жүрген шығармын. Асқар да қайсар таулар,жасыл мекен, өзенді жағалаған көк майса, аққулар- мен көпке дейін бәрін ұмыта алмадым... Енді мына фильм ... Мен түсімде бәрін қайталап көріп шықтым. Әлемді алты күнде жаратқан Тәңіріміз пенделерінің күнделікті өміріне қаншама сұлулық пен тұнықтық,тазалық ,мөлдірлік, қанықтық берген !!! Табиғаттың бізге берері көп ! Біз не береміз ? Сол әсем табиғат сұлулығын қорғай аламыз ба ? Фильмді көріңізші,өкінбейсіз, «текке кеткен уақытым » деп айтпассыз деп ойлаймын.
↧