Бүгін "Хабар" арнасындағы Жаңалықтардан Атырау облысының 500 кісілік оркестрі күй атасы- Кұрмангазының күйлерін орындап,Гиннес Рекордтар Кітабына енгенін хабарлады.Жарайсындар , жерлестерім! Кұрмангазы күйлерімен халқымның рухын көтердіндер! Бұл мені қазақ қызы ретінде ғана емес , тағы да бір себеппен қуантып,толғандырды. Ойыма өмірден озған анам Меңсұлу Кемелқызы оралды. Ол кісінің 2008 жылы "Атырау" газетінде жарияланған мақаласында 1957 жылы Гурьев облысының 500 кісілік оркестрі Мәскеу қаласында өткен қазақ өнерінің онкүндігінде өнер көрсеткені туралы айтылып еді.Онда Кұрманғазы күйлері Кеңестер Одағының астанасы - Мәскеу аспанында шалыктаған . Мақалаға қосымша фотосурет те берілген .Анам осы онкүндікте арнайы алғысхатпен марапатталды. Бүгінде ол кісі тірі болғанда катты куанар еді-Кұрманғазы ата үшін,қазақ өнері үшін,дүние жүзіне әйгілі болган жерлестері үшін ! Жасай бер елім,жасай бер қазағымның өнері!
↧