29-ДАН АСҚАН ЖАС ОТБАСЫЛАР ҮЙСІЗ ҚАЛМАҚ
10 күн бұрын жаңа тұрғын үй бағдарламасы жөнінде мақала жазып, "Жас қазақ үні" газетіне жібердім, алайда газетте бұл материал шықты-шықпағаны маған белгісіз. Фэйсбуктағы достарым оқысын деп осында және www.shanyrak.kz сайтына жібердім. Пікірлеріңізді қоысыңыздар. Нақты қадам жасаймын дейтіндер осында жазсын. Ұялшақтар жеке хабар жіберсін. Бәрін қарастырамыз.
P.S. Президенттік сайлауалды бағдарламада болатын бір қадам - жастардың жас мөлшерін 29-дан 35-ке көтеру деген бөлім болады деп ойлаймын.
«Үйі жоқтың күйі жоқ» деген қанатты сөздің өзектілігі қазіргі заманда айрықша сезіледі. Не десе де, тұрғын үйі жоқ азаматқа отыншыл болу қиын. Жалдамалы пәтерлердің арасында жүрген адамның намысы және жеке үйі бар адамның намысын салыстыру қиын. Біріншісі тапқан пайдасының әжептәуір бөлігін пәтер жалдауына төлеп, қалған тиынға өмір көруге мәжбүр. Екіншісі пәтерінің коммуналдық төлемдерін ғана төлеп, біріншісіне қарағанда толыққанды өмірсүреді. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы бойынша негізгі физиологиялық пен қауіпсіздік қажеттіліктеріне, соның ішінде өмір сүру жағдайларының тұрақтылығына ие болмаған адам әлеуметтік, абыройлық және рухани қажеттіліктерді керек қылмайды деген пікірмен көптеген ғалымдар пен практиктер келіседі.
Хрущевкалар мен ипотекалық құлдар
Үйге мұқтаж әлеуметтік топтардың арасындағы мемлекет назарында бірінші кезекте болуға тиістісі – жастар, әсіресе жас отбасылар.
Әлеуметтік әділдік қағидаттарын алсақ, қазіргі қарт пен орта буын ұрпақтар Кеңес өкіметі кезінде алған мемлекеттік мүліктегі үйлерді Одақ құлағаннан кейін жекешелендіріп алды. Қазіргі тұрып жатқан олардың үйлері –сол кезде салынған панельдік үйлер мен хрущевкалар. 90-шы жылдары мектепте оқыған балалар қазір 30-35 жасқа толып, не ипотекалық өмірлік құлдыққа кіреді не үйсіз жүріп, жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр. Бала-шағалы болып, ата-анасының не ата-енесінің үйлерінде тұрып жатқан жас отбасылар өте сирек кездеседі.
«Шаңырағы» бұзылған ұлан-байтақ елде бос жер жоқ
Көп жылдар бойы тәуелсіз Қазақстан өкіметі бұл мәселеге кешенді саясат жүргізбеді. Біресе Алматының жанынан жер беріп, кейін көтерген «Шаңырақ» пен «Бақайларын» бұзды. Біресе әр қазақстандыққа он сотка тегін жер береміз деп, кейін алпауыт аумақтарда дайын жердің жоқтығын айтады. Біресе жас отбасыларға арналған қол жетімді баспана бағдарламасын жариялап, жас отбасылардң жас деңгейін 29 жаспен шектеп қояды.
Елде қол жетімді, яғни қымбат емес тұрғын үй салу үшін құрылған көптеген мемлекеттік компаниялар құрылды. «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры», Қазақстан ипотекалық компаниясы, Тұрғын үй жинақы банкі сияқты фирмалардың халыққа түскен пайдасы және олардың алпауыт апппараттарын ұстауға жұмсалған қыруар ақшаның салмағы теңбе-тең бе деген сұрақ менің басыма ғана кірмейтін шығар.
Президент айтқан 1-2 пайыздық ипотека рас па?
Алайда бәрін шыдайтын қазақтың да шыдамы бір күні таусылады. Бұны түсіне бастаған өкімет өткен жылдың аяғында жағымды мәлімдемелерді жасай бастады. Жас отбасыларға қол жетімді тұрғын үй керектігі туралы былтырғы 11 қараша күні өзінің жолдауында президент айтып кетті:
«То, что существует, требует больших средств, первоначального взноса, и потом банки дают кредиты под кабальные проценты — до 20%. Люди не могут их выплачивать, и все время мы имеем проблемы. Эти программы остаются для зажиточных людей, а новую программу мы делаем для молодых семей и для тех, кто на самом деле нуждается. Предоставление жилья по новой программе будет идти напрямую, без посредников, под максимально низкие проценты, возможно, для обслуживания 1-2% будет достаточно».[1]
1-2 пайыз туралы айтылған Назарбаевтың сөзін көптеген сайттар жариялады. Алайда кешкісін akorda.kz сайтында басылған жолдау мәтінінде нақты пайыз мөлшері туралысөз болмады. Алайда елбасының баспасөз хатшысы бұл сөзді жоққа шығарған жоқ, айтылған сөз – атылған оқ дегендей, журналистердің диктофондары ме бейнекамералары өтірік айтпайды дегенге сенеміз.
Сонымен бірге ақорда сайтында мемлекетәлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынатыны туралы жазылған. «Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі», деп жазылған қазақша мәтіндегі президент жолдауында.
Және президенттің ақордалық сайттағы қазақтілді жолдауында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға 2015-2016 жылдар ішінде қосымша 180 миллиард теңге құйылады деп жазылған. Яғни қазіргі валюталар курсы бойынша үй салуға шамамен бір миллиард АҚШ доллары бөлінеді.
Экономика министрлігі: жас отбасы 35-жасқа дейін саналсын!
Президент жолдауынанн кейін бір ай өткен соң Ұлттық экономика министрлігі да мәлімдеме жасады.
10 желтоқсан күні Сенат комитетінің отырысында Қазақстанның Ұлттық экономикасының вице-министрі Қанат Өскенбаев тұрғын үй кезегіне тұру үшін «жас отбасы» санатын 29 жастан 35 жасқа дейін көтеру көзделуде деп жариялады. «ҚР-ның тұрғын үй қатынастары туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Өскенбаев мырза:
«Салынған тұрғын үйдің шамамен 50 пайызы жас отбасыларға беріледі деп жоспарланған. Жас отбасыларға қойылатын жаңа талаптар да бізде қарастырылып жатыр. Егер бүгінде «Тұрғынүйжинақбанкі» бағдарламасы арқылы 29 жас белгіленген болса, қазір біз бұл межені көтеру керек деп есептейміз. Өйткені, қанша дегенмен қазір жастар кеш үйленеді. Осыған байланысты, біз бұл көрсеткішті 35 жасқа дейін көтергіміз келеді», — деді.
Оның айтуынша, бағдарлама жоспар бойынша жыл соңына дейін қабылданады. Тұрғын үй құрылысы 2015 жылы басталады. «Желтоқсанның соңына дейін мемлекеттік бағдарлама қабылданып, параметрлері өзгереді деп күтілуде» — деді ол.
Вице-министрдің төрт жаңалығы
Сонымен бірге жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша мынадай жаңалықтар белгілі болды:
Бірінші. Вице-министр жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша шаршы метр құнының шамамен қанша болатынын айтты. «Астана мен Алматыдан сатып алынған баспана құны 200 мың теңге, соғылып біткен тұрғын үй — 185 теңге шамасында болады. Өңірлерде болса сатып алынған үй — 165 мың теңге және соғылып біткен үй — 150 мың теңге. Астана мен Алматыда соңында сатып алу мүмкіндігі бар екі бөлмелі пәтерді жалға алу құны — 50 мың теңге, ал өңірлерде 40 мың теңгеден жоғары болады. Ал соңында сатып алынбайтыны одан да арзан».
Екінші. Негізгі категория — жас отбасылар, қалғандары — жергілікті атқару органдарындағы кезекте тұрғандар. «Тізімдер Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы әкімдікте жасалады. Астанада көктемге қарсы үйлердің жартысы дайын болып қалуы мүмкін», — деді ол.
Үшінші. 9 желтоқсанда жаңа тұрғын үй бағдарламасына енгізілген бағыттар үкімет отырысында тұжырымдамалы түрде мақұлданды. «Ұлттық қордан ақша «Бәйтерекке» 0,01 пайызбен жіберіледі, 0,15 пайызбен ақша «ҚИК» (Қазақстан ипотекалық компаниясы) акционерлік қоғамына жіберіледі. Біз қазіргі уақытта механизм жасап жатырмыз — үй соғуға, дайын үйлерді сатып алуға мүмкіндік беріп жатырмыз. Шамамен айтқанда ешқандай алдын ала төлем жасалмайды», — деді Өскенбаев.
Төртінші. Өскенбаевтің айтуынша, қазіргі уақытта параметрлер анықталып жатыр. «Жалға берілген үйдің төлем сомасы сатып алу есебіне саналады. Жалға алушы бес жылдан соң бұл пәтерді сатып алуға құқы бар. Егер оның мүмкіндігі болмаса, оған пәтер 20 жылға беріледі», кейбір категориялар бойынша, мәселен, жетім балаларға жалақы төлемі 30 жылға дейін созылуы мүмкін. Даулы мәселе — баға индекстеле ме, жоқ па. Біз қазір механизм жасап жатырмыз, әзірше индекстелмейді деген идея бар. Теңгемен төленетін жал 20 жылға созылады. Ешқандай да пайыздық төлем мен алдын ала төлем қарастырылмайды», — деді ол.
Біз жаңа бағдарламаны заңнама базасында қанша іздесек те, таба алмадық.
6 жылдың ішінде жас отбасыларға 14,5 мың пәтер салынбақ
Ұлттық экономика министрлігінің баяндамасынан кейін сегіз күн өткен соң «Бәйтерек» холдингі де сөйледі.
18 желтоқсан күні Мәжілістегі«Нұр Отан» партиясының фракциясында «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев бұған дейін үй бірінші кезекте 29 жасқа толмаған жас отбасыларға беріліп келсе, енді жас мөлшері 35-ке дейін ұзартылды.
Қуандық Бишімбаев жаңа бағдарламаның ережесін айтып берді. 2020 жылға дейін осы бағдарлама бойынша 29 мың пәтер тұрғызылатын болса оның тең жартысына жасы 35-ке дейінгі жанұя үміттене алады7
Бишімбаевтың айтуынша, жоспарланған тұрғын үйдің 50 пайызы 35 ке дейінгі отбасыларға берілсе, қалғаны әлеуметтік аз қамтылғандар, жетімдер, жалғызілікті жандар мен, мүгедектерден артылмайды.
Қуандық Бишімбаев жастарды неге дискриминациялайды?
Алайда көп журналистер Бишімбаевтың бұл пәтерлер әкімдікте кезекте тұрғандар арасында бөлінетіні туралы сөзіне назар аудармады:
«Яғни, 2014 жылдың 11 қарашасына дейін жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе пәтерсіз ретінде кезекте тұрғандар арасынан осы бағдарламаға үміткерлердің тізімін жасаймыз», — деді Қ.Бишімбаев.
«Бәйтерек» холдингінің Ұлттық экономика министрлігінің тұжырымдамасын осылай шектеуі 2014 жылғы 11 қарашаға дейін, яғни президент жолдауына дейін кезекке тұрып үлгермеген жас отбасыларды дискриминациялауға тура келетіні байқатады.
Бұндай теріс жаңалықты білген интернет пайдаланушы халық өзінің наразылығын комментарийлерге жазды.
«Қазақ үні» газетінің порталындағы комментарийлер:
Жаңабек, 20 желтоқсан, 201411:36 pm: Бұрынғылар аз емес, сонда, кейінгілерге қай жылы кезек келеді?
Куватбаева Турсын, 23 қаңтар, 2015 10:55 pm: Очередті қайтадан жаңадан жасақтағанда дұрыс болар еді.
kaz.tengrinews.kz/: сайтындағы пікір:
2014-11-18 16:21:40 «бағдарлама жасағыштарға айта салыңыздаршы,акиматтарда жылдар бойы жылжымай тұрған кезектегілерді жарылқасыншы?»
Мен фэйсбуктағы достарыма мерзімдік шектеу турады сұрақ қойдым:
«Сіздің ойыңызша, Бишімбаев мырзаның пікірі 11 қарашаға дейін үй кезегіне тұрып алмаған жас отбасыларды дискриминацияламайды ма?»
Фэйсбукшылардың көбісі дискриминация бар деп келісті, бірен-саран ғана бұл тақырыпта сарапшы емеспін деп жауап қайтты. Олардың эмоцияларын бұл мақалада шығармауды жөн көрдік. Алайда мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева және Әлеуметтік академия директоры Әсия Қасенова ханымдардың пікірлері қызық болады деп ойлаймыз.
Парламентке таныстырылған тұрғын үй бағдарламасы
«Бағдарламаның атауына қарасақ, ол априори қол жетімді болуы керек! Осыған байланысты бұл бағдарламаға тек қана кезекте тұрғаназаматтардың ғана қол жетуі дискриминациялық амал болып табылады! Осы құралдар арқылы ақша төлей алатын адамдардың проблемаларын шешу қол жетімділіктің негізіне салынды. Жас отбасылар бірінші кезекте тұрғанда, әлеуметтік осал топтар және тұрғын үйге ие болғысы келетін басқа топтарды шатастыру дұрыс емес бағдар болып табылады.Неге азаматтардың осы категориясының тұрғын үй мәселесін шешу үшін ҚИК пен «Самұрық Қазына» пайдаланды? Өйткені үйі жоқ үш балалы жас отбасы болса да, ол отбасы әлеуметтік осал емес, ол отбасылар мүшелері орта бизнесте немесе ғылыми ортада жұмыс істейді, қоғамдық қайраткер болып табылады. Байқағаным, бағдарламаның парламентте болған презентациясы мен практикадағы қазіргі тәселдемелері әдәуір өзгерді. Сондықтан біз бұл мәселені әлі зерттейтін боламыз!» — деді Айгүл Соловьева.
«Иә, дурыс емес. Біздің мемлекетте халық құқығы шенеуліктердің, биліктің арқасында жиi бұзылады. Себебi, олар тек өз мүдделерін қорғайды, coған байланысты заң жобаларынқабылдайды. Басты мәселе – уақыт аркылы адам құқығын бұзу (временное ограничение) – адамқұкығы белгілі бір уакытта ғана дұрыс шешім табады, ал калған уақытта қаралмайды. Осыган байланысты шешімдер коррупцияга байланысты оңай олжа болып табылады» — деді Әсия Қасенова.
«Бәйтерек» холдингінің директоры: «Дискриминациялық норма баңдарламаға енгізілмеді»
Сонымен, президент жолдауына дейін кезекке тұрмағандар әлеуметтік тұрғын үйге ие бола алады ма деген сұрақты біз Қуандық Бишімбаевқа жолдадық. Фэйсбуктағы бірнеше рет қойылған сұраққа Қуандық Уәлиханұлы жауап бермеді. «Бәйтерек» холдингінің электрондық поштасына жіберілген сұрақтарға баспасөз қызметкері Самал Ибраева «холдингтің тұрғын-үй мәслелері бойынша операторы – Қазақстан ипотекалық компаниясының баспасөз қызметінен Айнұр Сапарғали жауап береді» деп, Айнұрға жіберді.
ҚИК баспасөз қызметкері Айнұр «Жаңа бағдарлама әлі бекітілген жоқ, оны дайындаған экономика министрлігі, үкімет қарауында болуы керек» деп, іс-сапарда жүргендіктен толық ақпаратты келесі күні дайындап беруін өтінді.
Бишімбаевтың қабылдау бөлмесіне хабарласқан біз сол кісінің жиналыста жүргенін біліп, жеке телефонын ала алмадық.Ақыры бізді «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Сержан Мәдиевке жіберді.
Сержан Нұраханұлының айтуынша, өткен аптада үкімет «Аймақтарды дамыту – 2020» бағдарламасына өзгертулерді енгізді. Сол өзгертулердің бірі – жас отбасы параметрлері өзгертілді: бұрынғы 29 жастың орнына 35 жас жазылды мыс.
Екінші жаңалығы – бағдарламада 11 қарашаға дейін кезекке тұру туралы сөз. Президент жолдауына дейін кезекке тұрғандар ғана әлеуметтік тұрғын үйге ие болады деген Бишімбаевтың сөзі сол кісінің жеке пікрі болып шықты. Бұл «ажиотаж болмасын деген оймен айтылған сөз» екен.
Үшінші жаңалығы – тұрғын үйге тұқтаж азаматтардың тізімдерін әкімдіктер жасайды. «Бәйтерек» тек қана үйлерді салумен айналысады. Әлеуметтік тұрғын үйге қосымша өтініштер қабылданады ма әлде қабылданбайды ма, бұны жергілікті атқару органдары шешеді.
Сержан Мәдиевтің сөзінше жаңартылған бағдарлама жақын арада бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көреді. Сонымен біз бұл бағдарламаны сұрап алдық.
Жас отбасылар жас мөлшері 29 болып қалды
Рас, кезекке тұрып үлгермегендер туралы дискриминациялық норманы таппадық. Алайда жас отбасы категориясының бұрынғы параметрлері өзгерсе де, жас мөлшері өзгермеді. Біріншіден, жас отбасыда кем дегенде екі бала болсын деген норма алынып, «балалары болатын жас отбасы» деп жазылған. Екіншіден, неке тіркелгенінің екі жылдық стажы қалды. Үшіншіден, күйеу мен әйелдің жасы 29-дан аспау керек (бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кезде).
Жаңартылған бағдарламаның тағы бір жаңалығы –жергілікті атқару органдарының тұрғын үй кезектерінде тұрғандар екі топқа бөлінді. Бірінші топ: күйеуі емн әйелі 35 жасқа толмаған, некелері 3 жыл тіркелген, балалары бар отбасы. Екінші топ – қалған категориялар.
Жергілікті атқару органдарының кезектерінде тұратын категориялар да көрсетілген: толық емес отбасылар; мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар; жетімдер; оралмандар: мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызмкеткерлер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, бюджеттік ұйымдар жұмыскерлері.
Яғни экономика вице-министрі мен «Бәйтерек» холдингінің былтыр айтылған уәделері орындалмады. Қанат Өскенбаевтың оң бастамасы бағдарламаға енгізілмеді.
Махамбет АБЖАН
[1]Арендное жилье будут выдавать под 1-2% без первоначального взноса – Назарбаевhttp://www.kursiv.kz/news/details/real-estate/arendnoe_zhile_budut_vydavat_pod_1_2_bez_pervonachalnogo_vznosa_nazarbaev/
Назарбаев — Новую программу по предоставлению жилья под 1-2% начинает Казахстанhttp://www.zonakz.net/view-nazarbaev-novuju-programmu-po-predostavleniju-zhilja-pod-1-2-nachinaet-kazakhstan.html