Quantcast
Channel: Последние записи в сообществах | Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Мы - Путешественники. Еуропаның үш еліне саяхат

$
0
0

40Xz4xOYxm66TDnHQ0oZQ2UANwLeK8.jpg

Германияда тек батыс жағында болдық - керемет екен. Еуропада ең таза жер шығар, хостелден бастап, көше, метросына шейін. Еуропада ең тәртіпті жер шығар, қайыршы, көше сатушылары тіптен жоқ деуге болады. Халқы ашық жүзді, барынша көмектеседі, адамдары ағылшынша көбісі біледі, бірақ нашарлау сөйлейді. Еуропада ең жақсы өмір сүретін осы немістер-ау. Германияны Еуропада басқа елдерге эталон жасауға болады. Тамағы да, сырасы, шарабы, сервисі де бәрі ұнады. Мында енді шыныменен дем алдық деуге болады. Қарайтындай, кішігірім қызық жерлері көп, тек бір кемшілігі Эйфель Тауэр секілді әлемге әйгілі ғимараттарының жоқтығы, әрине Cologne Catherdal-дан басқа.

Нидерланды да қалмады. Амстердамның қай жеріне барсақ та әдемі, eуропалық стильдегі жасалған. "Түр-түрлі" заттар бар мында енді. Аякс стадионы, Heineken зауыты, Nemo ғылым орталығы, Ван Гог мұражайы - көруге болатын заттың аз бөлігі ғана. Кім де кім Амстердамға барса еш өкінбейтініне сенімдімін. Амстердамдағыдай каналдарды еш жерде көрмедім, қайық жалдап, жүзіп қайтуға да болады. Ал қала ішіндегі көпірлер санында шегі жоқ шығар. Германиядағы секілді мында да тұрғындардың ашық мінезіне тәнті боласың. Тағы ең бір ұнағаны көліктер жүйесі. Қоғамдық көлікпен кез-келген кезде, кез-келген жаққа бара алатын секілдісің. Велосипедшілерге де барлық жағдай жасалған - парковка, бөлек жол. Кейде велосипедтер саны адамдардан көп сияқты :). Амстердамды бекерден-бекер велосипедшілер қаласы деп атамайды екен.
Франция, нақтырақ Париж, туристерге баратын-қарайтын жерлері бітпейтіндей көп жер. Луврға ешқандай British Museum, National Gallery жетпейді, ал Gallery Lafayette-қа ешқандай Oxford Street-тің магазині жетпейтін шығар, Disneyland бар тағы да. Әр объектіге кем дегенде жарты күн - бір күн бөлуің керек. Адам көптігінен кезекте 1 сағаттай тұрып қалуың әбден мүмкін. Сондықтан интернеттен алдын-ала билет алып қойған дұрыс. Әсіресе Эйфель, әлемдегі кіруі ақылы ең танымал ғимарат. Құр темірден ғимарат салып, сол арқылы жыл сайын миллиондап ақша жасайтын француздардан үйрену керек екен :). Жалпы студенттерге көп жеңілдіктер ойластырылған, Луврға кіру тіптен тегін (ЮК не ЕО студенттері үшін, өзіңмен бірге жасың 25-тен кіші екенін растайтын құжат алып жүру керек) - жастарды мәдениетке қызығушылығын арттыратын дұрыс қадам деп ойлаймын. Елисей даласымен жүру де бір рахат. Бірақ қала ішіндегі тазалық жағынан француздарға Париж үшін ұят болу керек шығар. Германия мен Нидерландыдан кейін Парижге тазалығы жағынан "атқора" дегеннен басқа сөз ойыңа келмейді (без обид). Париждің метросы ластығынан Лондон метросын да асып түседі, бұл аз десеңіз Лондондағыдай эскалаторлармен жүруді ұмытсаңыз болады. Көшеде де әр-түрлі саудагерлер, қайыршылар толып жүр. Жәй адамдары да қырын қабақты болып көрінді, сервисінде де бір салқындық сезіледі. Білмеймін азиат болғандықтарымыздан ба :), не французша сөйлемегендіктен ба, не бізге сондай адамдар тап болды ма, ұнамады. "Во Франции клиент всегда неправ" деген шын екен :) Парижға баратын болсаңдар "бонжур", "меғси боку", "оревуар" деген сөздерді міндетті түрде жаттап барыңдар, француздарға ол ұнайды, мүмкін жақсырақ қарар. Бір жағынан француз тілі өте әдемі екен, соңында көресіңдер Кейін басқа елдерде жүріп "сорри" дегеннен гөрі "пардон" деу нәзіктеу де ыңғайлылау көрінетін болады :).

Viewing all articles
Browse latest Browse all 16277

Trending Articles